Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 1 мыңнан аса аяқ киім жіберді

Тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына аманаттықтар Алматы облыстан 1 мыңнан аса аяқ киім жіберді. Арнайы волонтерлік штаб құрылған. Көмек көрсетуге барлығы бір кісідей атсалысып жатыр. Штаб таңғы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді.

Аслан КУБЕНТАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз сол жақтағы зардап шеккен әріптестеріме хабарласып қандай қажет екенін сұрастырған болатынбыз. Ол кісілердің сұрауы қазіргі таңда резинке етіктермен балаларға арналған аяқ киімдер сұраныста өте көп деді. Осыны ескере отырып біздің партияластарымыз осы шараны ұйымдастырып отырмыз.