Бүгін Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-да «Цинмин» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 4 сәуірде қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлады.
«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деді ведомстводағылар.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.