АҚШ
Тынық мұхиты арқылы жасалатын серіктестіктен бас тартты. «Рейтерс» агенттігінің
хабарлауынша, Американың жаңа президенті осы мазмұндағы жарлыққа қол
қойған. Азия және Тынық мұхиты аймағында
еркін сауда-саттық алаңын құру жоспары 2015 жылы қабылданған болатын.
Сауда-саттыққа 12 ел үмітті еді. Ол бүкіләлемдік сауданың 40 пайызын құрайды.
АҚШ тарапы құжатты ратификациялап үлгермеген.
Дональд
Трамп, АҚШ президенті:
Бұл құжаттың не
білдіретінін барлықтарыңыз түсінесіздер ғой?! Біз бұл туралы баяғыдан бері сөз
қозғап келгенбіз. Бұл қадам қарапайым америкалықтарға тиімді боларына
сенімдімін.
Трамптың
пікірінше, бұл қарапайым америкалықтарға тиімді болғанымен, үлкен кәсіпкерлерге
әлден-ақ кеден салықтарының өсу қаупі төніп тұр. Есесіне, ел ішіне өндіріс
көздерін арттырған кәсіпкерлерге барынша жеңілдіктер көрсетеміз дейді. Бұл
бастама іс жүзінде қалай болатыны әзірге белгісіз. Ақ үйдегі алғашқы шешімнің
бірі - мемлекеттік қызметке жұмысқа алуға мораторий жарияланып отыр. Бұл өз
кезегінде бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін көрінеді. Алайда,
жаңашылдықтың әскери қызметкерлерге қатысы жоқ.