Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат Жамалов мандатынан айырылмайды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2017
  • 2909

Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов заңды бұзған жоқ. Сол себепті депутаттық мандатынан айырылмайды. Орталық сайлау комиссиясы осындай қорытындыға келген.

Айта өтейік, таяуда ақпарат көздерінде халық қалаулысы депутаттық қызметпен  кәсіпкерлікті де қатар алып жүр деген ақпарат тараған. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы арнайы комиссия құрып, ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеруге кірісті. "Жылжымайтын мүлік бағалау орталығы" және «Гаухар» мемлекеттік емес ломбардтың» кімге тиесілі екенін анықтаған. Бүгін ведомствоның ресми сайтында шыққан хабарламаға сай, депутат Жамалов өз мүліктерін сенімгерлік басқаруға уақытылы әрі заңнамаға сай берген болып шықты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА