Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз су тасқыны жағдайлары орын алған өңірлерде ауыз сумен жабдықтау сапасына тұрақты мониторинг жүргізуде.
Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің нысандарына күшейтілген бақылау жүргізуде.
Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 133 сынама анықталды.
Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.