Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға бауырлас мемлекеттер көмек қолын созуда

Топан судан зардап шеккен аймақтарға Қырғыз ағайын гуманитарлық көмек жіберді. 12 жүк көлігі қазір жолда. Онда киім-кешек, көрпе-төсек секілді тұрмыстық заттар мен азық-түліктер бар. Сондай-ақ көршілес Түркия мемлекеті де жан-жақты көмек көрсетуге ниет танытты. ТҮРКСОЙ ұйымы да қарғын судан зардап шеккен халыққа қаржылай көмек беретін болды. Халықаралық мәдени құрылым басшысы сын сағатта қазақ бауырларымен бірге екенін жеткізді.

Сұлтан РАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан халқы қиын-қыстау күндерді басынан өткеруде. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдіргіміз келеді. Ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда.