Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңырда жазға дейін Протон ұшпайды -Талғат Жүсіп

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2017
  • 3659

Байқоңыр ғарыш айлағынан Протон зымыран тасығышы жазға дейін ұшпайтын болды. Оған Воронеж механикалық заводынан шығарған қозғалтқыштардың талапқа сай болмауы себеп болып отыр.  Сондықтан «Роскосмос» Протон бөлшектерін кері қайтарған. Бұл туралы біздің арнаға берген арнайы сұхбатында Қазақстан ғарыш саласы қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Талғат Жүсіп мәлімдеді. Жалпы биыл жоспар бойынша Байқоңырдан ғарышқа 12 зымыран ғарышқа көтерілуі тиіс болған. Олардың жартысынан көбі коммерциялық келісім бойынша ұшу керек еді. Енді ғарышқа көтерілу мерзімі айтарлықтай ұзақ уақытқа шегерілгендіктен, шарт жасасқан азаматтарға ірі көлемде өтемақы төлеуге тура келеді.

Талғат  Жүсіп, Қазақстан ғарыш саласы қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы:

Арнайы комиссия тексергенде сынақтан өте алмай қалды. Өйткені алтын бар құрамында, күміс бар, платина деген бар. Өте сирек кездесетін металлдар бар, сирек кездесетін жерде. Солардың компоненттері дұрыс еместігін тапты. Өйткені олар күш бергенде шыдай алмайды, балқып кетеді. Соның салдарынан ғарышқа ұшқан зымырандар істен шығып қалуы мүмкін. Апрельде ұшу керек тұғын бірінші зымыран. Соны қазір жазға қалдырып отыр. Одан әрі кетеді деген де болжамдар бар.

Сондай-ақ арнайы комиссия Ресейдегі «Восточный» айлағының жұмысын да уақытша тоқтатқызған. Себебі ғарыш кемесі ұшатын аумақтың жер құрамында шымның көп болуы себеп. Яғни Протон сынды ауыр класстағы зымыранды ұшу барысында жер беті қызудан өртену қауіпі бар. Ал Плисецк айлағы болса әскери зымырандарға арналған. Сондықтан Ресей тарапы әзірге тек Байқоңырға үміт артып отыр.