ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде адамды кене шағудың алғашқы жағдайлары тіркелді.
Сәуір айында эпидемиялық маусым басталғалы бері облыстың эндемиялық аймақтарында 6 адам кенеден зардап шекті. Оның ішінде Өскеменде - 5, Катонқарағай ауданында - 1.
«Кене шаққан адамдар ауруханада дәрігерлерге қаралып, түгеліне профилактикалық мақсатта иммуноглобулин салынды. Қазіргі таңда айтақтағы медициналық ұйымдарда иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті», - дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.