Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылы Қазақстанда бірнеше жол ашылады

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2017
  • 2416

Биыл ел бойынша 361 шақырым көлік жолы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша биыл «Астана-Теміртау», «Астана-Павлодар-Семей», «Орал-Каменка», «Ақтөбе-Атырау», «Қапшағай-Талдықорған» жолдары тапсырылады.  Өткен жылы құрылыс маусымының соңында конкурс өткізіліп, Қарағанды мен Теміртау аралығында цементті-бетонды жол жабындысы мен жол айырықтарын салу бойынша үш мердігер анықталған.

Темірхан Меңдіғалиев, «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Ол учаскеге жол құрылысында айтарлықтай тәжірибелі ұйымдар кірді. Олар жыл ішінде көзделген барлық жұмыстарды орындауға қауқарлы деп санаймыз. Сонымен қатар 2017 жылы 1 346 шақырымды құрайтын жаңа 27 учаске бойынша жұмыстарды бастау жоспарланып отыр.