Русский Сайттың толық нұсқасы

№59 мектеп оқушысының өліміне қатарласы кінәлі болып шықты

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2017
  • 3388

Астанадағы №59 мектепте көз жұмған 8 сынып оқушысының өліміне байланысты тергеу аяқталды. 14 жасар баланың өліміне қатарласы кінәлі болып шықты. Сабақта ұстаздары жоқ кезде балалар арасында кикілжің туындап, Темірұлан Диханбаев өзге 8 сынып оқушысынан бірнеше соққы алғаны анықталған. Бала есінен танып, ауыр соққыдан көз жұмған.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық қажетті сот сараптамалары жүргізілді. Ауыр қылмыс жасағандар қолданыстағы заңға сәйкес, 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Күдікті құқық бұзушылық жасаған кезде 14 жасқа толмаған. Сондықтан оған қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылады. Сонымен бірге тергеу барысында мұғалімдер мен медициналық қызметкерлердің кінәсі бар-жоғын анықтау шаралары жүргізіледі. 

Айбек ҚОСАН