Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласының тұрғыны жанармайды үнемдейтін қондырғы ойлап тапты

Жанармайды 20 пайызға дейін үнемдеуге болады. Алматы қаласының тұрғыны осындай қондырғы ойлап тапты. Өнертапқыштың айтуынша, бұл құрылғы 3000 мың автокөлікке орнатылған. Жаңа инновацияға Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, АҚШ, Канада елдері де қызығушылық танытуда.

Шоқан Оразаев ойлап тапқан қондырғы азаматтардың қаражатын үнемдейді. Жанар-жағармай тұтыну көлемін азайтқанымен қоса, көлік тауға көтерілгенде, жазда желдеткішті қосқанда қиналмайды.

Шоқан ОРАЗАЙ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

Бұл- қондырғы импульсті модуль, басқаша айтқанда импульсті генератор. Бұл импульс шығарады. Және көліктің генераторына енгізеді. Ол бір жерге көліктің генераторын күшейтеді де, көліктің күшін көбейтеді. Соның арқасында нақ сол электор тоғын, қозғалтқышқа азырақ жүктеме салдырып өндіреді. Қозғалтқыштың айналыс жиілігі азаяды да, Соның арқасында май да азырақ жұмсалады.

Қондырғыны көлігіне орнатқан тұтынушы жанармайын үнемдегенін растап отыр. Оны орнатуға небәрі 10 минут уақыт кеткен.

Мақсат ЕСТАКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұның бір жақсы қасиеті объемы кішкентай машиналарға өте қолайлы. Мысалы 1,5 1,3 терге қойса 15-20% моторға қуат қосады. 15-20% бензинге эконом болады. Особенно таксаватетіп жүрген адамдар болса например, күнделікті 10 мың тг бензин құйса, сол 10 мың теңгеден 2000 теңге үнемдейді.

Айта кетейік қондырғының жарамдылық мерзімі 7-10 жылға дейін. Сонымен қатар сыртқа шығатын зиянды түтінді 50% ға дейін азайтады. Өнертапқыш қауіпсіздігіне де кепілдік беретіндігін айтады.