Русский Сайттың толық нұсқасы

Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңа үйлер салынады

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңа үйлер салынады. Инженерлік желі тартылған аумақта 200 жер телімі дайын. Қазір баспана тұрғызатын құрылыс компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Асқар ҚАЗЫБАЕВ, ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір біздер 200-ден астам үй салуға толық мүмкіндігіміз бар. Сондықтан осы жерлерге, Үкіметтен енді 80 квадрат метр деп қазіргі таңда айтып жатыр тұрғындарға әр үй. Сол тұрғын үйлерді осы аймаққа саламыз. Әр тұрғынға 10 шаршы метр деп есептеп отырмыз. 22 миллионға шығып тұр.

Үйлерге Қаратал және Екпетал ауылдарының тұрғындарын орналастыру көзделген. Себебі, тасқын кезінде екі елді мекендегі үйлердің барлығы дерлік су астында

қалған еді.

Мейрамгүл АҚЖАМИЕВА, ҚАРАТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйіміз суға кетіп қалды. Жалпы, Қаратал бойынша 98 пайыз суға кетті десе де болады. 4 үй ме, 5 үй ме, жаңадан салған фундаменті биік үйлер ғана қалды. Осы районның басынан болса да, біздерге үй берсе,осы жақтан салып берсе келем мен.