Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мемлекет отбасынан тартып алған баланы кейін ата-анасына қайтару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бізде ата-ана құқығын шектеу немесе айыру негіздері белгіленген. Бұл шешімді тек сот шығарады. Жалпы, ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу тұрғысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиядан келіп түскен материалдардың 17-20 пайызын сот қанағаттандыратынын айта кетейін», - деді Д. Зәкиева.
Бұл ретте ол отбасына жағдайды түзетуге үнемі мүмкіндік берілетінін айтты.
«Олар баланың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайды түзетуі тиіс белгілі бір кезең бар», - деп нақтылады Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.