Қазақстанға
шетелдік өнімдер бей-берекет әкелініп жатыр. Өйткені елде стандарттау жолға
қойылмаған. «Стандарттау туралы» заң
жобасы талқыланған Мәжіліс отырысында Азат Перуашев осылай деді. Ал
қазақстандық экспорттаушылар, керісінше, өнімді шығару үшін қиындықтарға тап
болып отырған көрінеді.
Азат
Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы:
Біздің кәсіпкерлер өз өнімдерін шекара асыру үшін сертификация алып, бірыңғай
реестрда тіркелу керек екен. Ол аздай, енді міндетті каталог енгізбекпіз. Біз өз
өнім өндірушілерді қолдауымыз керек. Шет ел тауарларын бей-берекет әкеле беру
бізге тиімсіз. Мұны мұқият қарауымыз керек. Шетел тауарын енгізу демекші, мұнда
«қауіпсіздік нормасына» сай заң бұзушылықтар бар. Мен ертең-ақ прокуратураға хат
жазып, тексеріс жүргізуін өтінемін.
Заң
жобасын жасаған Инвестициялар және даму министрлігі. Вице-министр, қазіргі
стандарттау заңының 70 пайызы ғана әлемдік стандарттарға жауап береді, дейді.
Енді қалғанын жетілдіру қарастырылмақ.
Альберт
Рау, ҚР Инвестициялар және даму
министрінің орынбасары:
Бұл
заң жобасы мемлекеттің техникалық саясат тұрғысында қауіпсіздік мәселесін
бірінші орынға қойып, қажет болса, сауда саясатына араласуға мүмкіндік береді.
Бұл дегеніміз - тауар қауіпсіздігі бірінші орында деген сөз. Ал, қалғанын
стандарттау заңы негізінде нарық өзі реттеп отырады. Заң жобасына сай дәл осы
техникалық комитет барлық субъект үшін тәуелсіз қарым-қатынас алаңына айналады.