Жаңаөзенге 32 жылдан кейін үлкен футбол оралды». Жанкүйерлер осылай деп қуануда. Амен Тұяқов атындағы стадионда Қазақстанның бірінші лигасы аясында "Каспий" Футбол клубы мен Өскеменнің "Алтай" командасы кездесті.
Қос команда алаңға шығып, Әнұран шырқалды. Ысқырық шалынған сәттен бастап жанкүйерлер қиқуға салып, сүйікті клубтарына қолдау білдірді. Ойынның бесінші минутында алаң иелері қарсыластың қақпасынан саңылау тауып, тепкен добын дарыта алды. Ал 30 минут ішінде есепті еселеді.
"Каспий" футбол клубы ел чемпионаттың бірінші лигасының екінші туры аясында алғаш рет өз алаңында доп тепті. Бұл ойынның Жаңаөзен тұрғындары үшін маңызы зор. Себебі 32 жылдан бері асыға күткен кездесу болды.
Жансейіт Қайнарбаев, ҚАЛА ӘКІМІ:
Футбол тек ойын ғана емес, сонымен қатар мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдарды біріктіре алатын маңызды әлеуметтік элемент. Біз сіздердің көмектеріңізбен, Жаңаөзен қаласының тұрғындары да осы іс - әрекетке қатысуға мүмкіндік алып, Бірінші лига матчтарын өз көздерімен көріп, "Каспий" ФК Маңғыстау облысының атынан қатысатын клубты қолдауға мүмкіндік алғанын қалаймыз.
"Каспий" клубы үшін бұл матч- бірінші лига шеңберіндегі екінші кездесу. Бұған дейін "Арыс" командасын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Бұл маусымда ақтаулық команданың аяқалысы жаман емес.
Нұржан ЖАЛҒАСБАЕВ, "КАСПИЙ" ФК БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бұл жерде батыс пен шығыс кездеседі. Бүгін қызыққа толы ойын болады. Алтай командасы өте мықты, ынталы, талантты команда. Тартысты ойын болары сөзсіз.
Шынымен де ойын тартысқа толы болды. 4:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Алда әлі 30 ойын бар. Бағы мен бабы қатар жанған команда Премьер-лигаға жолдама алады.