Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елдің бірлігінің арқасында бұл қиындықты да жеңеміз",-Бас мүфти

Орал қаласының іргесіндегі Жайық өзенінің бойымен бөгет салынып жатыр. Бұл іске төтеншеліктер ғана емес, қала тұрғындары, басқа өңірлерден келген еріктілер де ат салысуда. Аймаққа келген Бас мүфти халықты төтенше жағдай кезінде қоғамдық жұмыстарға үлес қосуға шақырды, елді сабырлы болуға үндеді.

Наурызбай ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚМБД ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Алла Тағала халқымыздың бірлігін нәсіп етсін! Біз бүгін жұма намазымызда да жамағатымызға айттық. Мына төтенше жағдайда осы төтенше жағдай мамандарының айтқан әртүрлі ұсыныстарына бой ұсынып, оған бағынуымыз қажет. Өйткені қазір бізге ең маңыздысы - адам баласының өмірі.