Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда зообақтағы жануарлар мен құстар қауіпсіз жерге көшірілді

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2024
  • 497

Оралда облыстық экологиялық-биологиялық орталықтағы жануарлар мен құстар қауіпсіз жерге көшірілді.

Орталық директорының орынбасары Гүлжайна Нұралиеваның мәлім еткеніндей, Шаған өзені жағасында орналасқан зообақта барлығы ірілі-ұсақты 250 жануар, аң-құстар бар.

Оның сөзіне қарағанда, ешкілерді, тауық, құстарды жеке ауласы бар үйлерде тұратын қызметкерлер алып кеткен. 

«Тышқандар, дикобраз, маймылдар, сондай-ақ жылқы, пони, есектерімізді облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың гаражы мен қоймасына орналастырдық. Сонда барып, қарап тұрамыз» деді Г.Нұралиева. 

Қазіргі кезде зообақта аю, қасқыр, пума сияқты жыртқыш аңдар ғана қалды. 

«Бұл ретте біз мамандармен кеңесіп, ақылдастық. Жыртқыштарды ұйқтатып, көшірсек, қайта оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан олардың тұрған жерлерін үш метрге көтердік. Осында келіп, тамағын, суын беріп тұрамыз. 2011 жылы суға кеткенде де сөйткенбіз, қайығымыз бар. Орталықта адамдар көп емес, 13 педагог, отыз шақты қызметкерлеріміз жұмыс істейді. Қазіргі басты мақсатымыз — барлық жануар, аң-құстарымызды су тасқынынан аман алып қалу» деді Г.Нұралиева.