Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2024
  • 509

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Республиканың басым бөлігі бұрынғыша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, түнде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Республиканың оңтүстігінде барлық кезеңде, ал оңтүстік-шығысында 14-15 сәуір күндері жаңбыр жауады деп болжанады. Тек Шығыс Қазақстан облысында барлық кезеңде, ал Абай облысында 13-14 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанған. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз батыс және оңтүстік облыстарда найзағай болады.