Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тасқын су туралы жалған ақпарат таратқан адамға айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2024
  • 537

Атырау қаласының Полиция басқармасы тасқын су туралы жалған ақпарат таратқан адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласын су басуы туралы жалған аудиожазба таратқан ер адамға ҚР ӘҚБК-нің 456-2 бабына сәйкес айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, БАҚ-ы мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілік қаралған.

Тұрғындарды тек Атырау облысының жедел штабы таратқан ресми ақпаратқа сенуге шақырады.