Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда су тасқынымен күресте бөгет тұрғызу жұмысы жалғасып жатыр

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2024
  • 598

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Атырау облысында су тасқынының алу үшін бөгет тұрғызу жұмысын жалғастырып жатыр.

Партия аталған қала маңындағы 7 учаскеде ұзындығы 21,2 шақырымды құрайтын дамба салу жұмысын қолға алған. 

Бұл жұмысқа бас-аяғы 120 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ жергілікті азаматтар да таңның атысынан түннің батысына дейін аянбай еңбек етуде. 

Бұл іске 32 өз бетімен жүк түсіргіш, 7 жүк тиегіш және 1 тегістегіш техника жұмылдырылды. 

Уақыт тығыз болғанымен, жұмысы жүйелі түрде атқарылып жатыр.