«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Атырау облысында су тасқынының алу үшін бөгет тұрғызу жұмысын жалғастырып жатыр.
Партия аталған қала маңындағы 7 учаскеде ұзындығы 21,2 шақырымды құрайтын дамба салу жұмысын қолға алған.
Бұл жұмысқа бас-аяғы 120 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ жергілікті азаматтар да таңның атысынан түннің батысына дейін аянбай еңбек етуде.
Бұл іске 32 өз бетімен жүк түсіргіш, 7 жүк тиегіш және 1 тегістегіш техника жұмылдырылды.
Уақыт тығыз болғанымен, жұмысы жүйелі түрде атқарылып жатыр.