Русский Сайттың толық нұсқасы

15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2024
  • 520

"Қазгидромет" РМК 15 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжан жариялады.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы әлі де сақталады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсу, қатты жел сынды ортақ табиғи құбылыс сипат алады, әсіресе еліміздің оңтүстігінде қатты жел соғады, - деп жазылған "Қазгидромет" хабарламасында.

Сондай-ақ алдағы үш күнде Қазақстанның ірі үш қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғады деп болжанады.