Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғарғы сот билік тармақтарына қатысты реформаға орай ұсыныстар әзірлеуге кірісті

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2017
  • 2774

Жоғарғы сотқа қадағалаушылық емес, кассациялық саты мәртебесін беру керек. Осылай деген Жоғарғы сот төрағасы Конституцияның 81 бабына өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл Қайрат Мәмидің президенттің билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу бастамасына қатысты пікірі.

Соңғы жылдары сот жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Үш сатылы сот жүйесіне көшу, Жоғарғы сотқа қадағалаушылық емес, кассациялық саты мәртебесін беру жайы талқыланған. Қайрат Мәмидің сөзінше, бұл ата заң талаптарына сай ма, жоқ па деген екіұшты пікір туындапты. Сондықтан Ата заңға өзгерту енгізу керек деп отыр. Ол сот өндірісі мен төрелік ету, судьялардың біліктілігі мәселесін де қамтиды.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

Cудьялық лауазымға кандидаттарға жұмыс өтілі мен жас ерекшеліктеріне қатысты талаптар күшейген. Келіспеушіліктерді жою үшін Конституцияның 79 бабына судьяларға қойылатын талаптар белгіленуі қажет екені ұсынылып отыр. Әрқайсыңыз заңгер ретінде6 тәжірибелі судья ретінде ұсыныстарыңызды берулеріңізге болады. Мен барлықтарыңызды талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырамын.