Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әкімдігі ауланы абаттандыру үшін тегін бояу таратады

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2024
  • 431

Алматы қаласының әкімдігі «Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлады.

Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталып отыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады.

«Ниет танытқан азаматтарға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер тегін беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі» - делінген хабарламада.