Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2024
  • 609

 Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ жағдайы ошағының сәтті жойылды, - деп хабарлады KAZINFORM.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

«Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері — теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды. Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті. Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапарлауды жоспарлап отырған адамдарға ұсыным беру маңызды», — делінген хабарламада.