Русский Сайттың толық нұсқасы

Антикор қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2024
  • 448

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеме жасады. Қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлық пен бопсалаудың барлық фактілері бойынша ведомствоға жүгінуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 18 сәуірдегі хабарламада:

"Азаматтардан су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге байланысты алаяқтықтың, теріс пайдаланудың және бопсалаудың барлық ықтимал фактілері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың басқа да фактілері бойынша тәулік бойы Агенттіктің тегін 1424 Call-орталығының нөміріне, @antikorkz_bot чат-бот кері байланыс арналарына хабарласуларын сұраймыз."

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлері көрсетілген.