Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада "Нұр Отан" партиясының көмегімен бір отбасы баспаналы болды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2017
  • 3559

"Нұр Отанның" шарапаты. Қызылордада партияның көмегімен бір отбасы баспаналы болды. Бірнеше жыл пәтер жалдап күнелткен отбасы үшін - бұл үлкен бақыт. Бүгінде төсекке таңылған отағасы мен оның әйелі кезінде біреудің малын бағып, бейнет кешкен. Сондай-ақ отбасындағы алты баланың екеуі сырқат. Тұрақты жұмысы бар тек 26 жастағы Жорабек қана. Несиге жер телімін алған жігіттің үй салуға шамасы жетпеді. Олардың халін көріп, ашыған көршілері "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалына өтініш жазып, Мырзабековтерге көмек сұрады. Отбасына барып, жағдайды көзімен көрген партиялықтар, ақылдаса отырып, үй тұрғызып беруге мұрындық болды. Бүгінде қоныс тойын тойлаған жандар қиындық артта қалып, балаларының келешегі жарқын боларына сенімді.

Жаңагүл Мұқасова:

«Нұр Отан» партиясына көп рахметімді айтамын. Осындай дәрежеге жеткізіп, көмек беріп, балаларымды алға тәрбиелеп. Көмір берді, азық-түлік беріп жатыр.

Мақсұт Баекеев, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау меңгерушісі:

2016 жылы үш мың бес жүзге жуық өтініштер түскен болатын. Солардың 28 пайызы он шешімін тапты.  Мырзабековтер отбасы. Бұл жерде, атап өту керек, отбасы мәселесі өте қиын болған, әлеуметтік жағдайы. Маслихат депутаттары бар, "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясынын мүшелері, солармен ақылдаса отырып, үлкен үй пайда болып отыр. Бұл "Нұр Отан" партиясынын оң шешімін тапқан мәселелерінің бірі болып табылады.