Русский Сайттың толық нұсқасы

Мамырда +40 градусқа дейін ыстық болады

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2024
  • 619

Мамырда жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес оңтүстік аймақтарда үсік айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда - айдың соңына карай аяқталады, бірақ кей жылдары ең соңғы үсік айдың соңында, тіпті маусымда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райының тұрақсыз сипаты жаңбыр мен найзағай, екпінді жел ай бойы, ал бұршақ жаууы айдың кей күндері орын алуы мүмкін.

Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтілуде: республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін;

-оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.

-суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

-солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;

-еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.

Мамырда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында күтілуде.

Мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.

Ескерту: бір айға арналған ауа райы болжамы консультативтік ретінде пайдаланылуы керек, кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзету енгізіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.