Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада G-Park компаниясы 7 тұрғын үй кешенін заңсыз салып жатыр – Үкімет басшысы

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2024
  • 467

Бүгінде елордада G-Park компаниясы 7 тұрғын үйді заңсыз салып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қазір Қазақстан бойынша 39 проблемалық нысан бар. Олардың құрылысы ұзаққа созылып кеткен. Мысалы, Ақтөбе облысында 11 нысан бойынша алданған үлескерлер 2 жылдан бері соттасып келеді.

Астанадағы «Араби-2 – Гранитный-2» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалық нысан деп танылған. 200-ге жуық отбасы үйлерін ала алмай отыр. Елордада G-Park компаниясы рұқсат құжаттарын алмастан 7 тұрғын үй құрылысын салып жатыр. Ал оған 3,5 мыңға жуық отбасы ақша салған. Атырау облысында проблемалық 39 нысан бар, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, елімізде 340-тан аса тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Премьер-министр аталған мәселені бақылауға алуға тапсырды. 

Бұл – әкімдіктердің тарапынан жіберілген кемшіліктердің салдары.Өнеркәсіп министрлігі өңірлермен бірлесіп, 1 маусымға дейін салынып жатқан барлық объектіге құрылыстың заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек, - деді премьер-министр.