Жастардың
80% террористер қатарына интернет арқылы қосылады. Бүгінде «ДАИШ» содырларының
құрамында 80 елдің өкілі бар. Бұл туралы халықаралық дөңгелек үстел барысында
Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді. Жалпы соңғы екі жылда
әлемде «ДАИШ» лаңкестерінің қандықол қылмысынан бөлек, үш мың адам террорлық
әрекеттерден көз жұмған. Ал Қазақстанда бес жыл ішінде 9 теракт тіркеліп отыр.
Биылдың өзінде еліміз бойынша 12 лаңкестік әрекеттің алдын алу шаралары сәтті
жүзеге асқан.
182 азамат террорлық заңнама бойынша қамауға алынды. Лаңкестік ұйымдарды
қаржыландырған үш адам құрықталған. Сондай-ақ интернетте терроризм мен радикалды көзқарастағы 700 мың
ақпарат жойылды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есе көп.
Сергей
Швейкин, ҚР ҰҚК антитеррорлық орталықтың штаб басшысының орынбасары:
Әлеуметтік
желілермен әріптестік қарым-қатынас орнату қиынға соғып тұр. Қазірде көптеген
тиым салынған ақпараттар осы интернет арқылы тарап жатыр. Бұл ретте халықаралық
ұйымдар мен қауымдастықтар өзара тығыз әріптестік орнату керек деп санаймын.
Құқық
қорғау органдары терроризм мен экстремизммен күресу мақсатында 2020 жылға дейін
арнайы бағдарлама қабылдады. Сол арқылы интернет қолданушыларын теріс пиғылдағы
лаңкестерден қорғау көзделіп отыр.