Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қатты қалдықты қайта өңдейтін бекет ашу мәселесі қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2017
  • 3172

Тобыл өңірінде қоқыс төгетін полигондар жетіспейді. Қатты қалдықтарды қайта өңдейтін бекет ашу мәселесі өткір күйде тұр. Қостанайлық табиғат қорғау прокурорлары осылай деп дабыл қағып отыр. Облыс көлеміндегі 300-ден астам полигонға жыл сайын тасталатын тұрмыстық қалдықтар еселеп артып барады. Қалың қоқыстың тек азғана мөлшері қайта өңделуде. Кейбір қалдық түрлері қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруі мүмкін, - дейді құқық қорғаушылар.

Мәселені шешуге жергілікті билікпен қатар аймақ кәсіпкерлері де атсалысуда. Қазір Қостанайда қоқыс жинап, қалдықты қайта өңдеумен айналысатын қос кәсіпорын бар. Олар облыс орталығында төрт жүзден астам арнайы жәшіктер орнатқан. Қысқасы тұрмыстық қалдықты сұрыптап, қайта өңдейтін кешен салу мәселесі өзекті болып тұр. Жобаның құны 8 миллиард 500 миллион теңге деп жоспарланған. Қомақты қаражатты қалалық әкімдік әлемдік банктен алуды көздеп отыр.

Нариман Қасымбеков, Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Полигондар жылына 450 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық қабылдайды. Қостанай қаласының өзінде 100 мың тоннаға жуық қоқыс төгіледі. Осындай жағдай болатын болса, біздің тек «Солтүстік» полигонының күші  5-7 жылға ғана жетеді.