Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мектептің оң педагогикалық тәжірибесінің панорамасы» тақырыбында семинар өтті

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2024
  • 432

Алматыда «Алматы мектептері» бағдарламасы аясында оқыту, тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасуда. Осыған орай мегаполистегі №37-ші мектеп ұжымы өздерінің жаңартылған тәжірибелерін аудан ұстаздарына арналған семинарда бөлісті. «Мектептің оң педагогикалық тәжірибесінің панорамасы» тақырыбында 7 пән бойынша өткен сабаққа 35 мектептің мұғалімдері қатысты. Аталмыш білім ошағында шешендік өнер және актерлік шеберлік, пәндік оқытулар, оқырмандар клубы, хореография, хор, вокал үйірмелері бар. Мұнда оқушылар өз үйренгендерін ортаға салып, көпшілікті тәнтті етті.

Гүлмира ЖАҚЫБАЕВА, №37 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бұл үйірмелерде бірнеше жобалар жұмыс жасап жатыр. Осы жұмыс жасап жатқан уақытымызда оқушылардың білімге, өнерге қызығушылығы артып, жаңағы аудандық, облыстық, республикалық деңгейде көптеген жүлделі орын алудамыз.

Мейрамгүл БӨЛЕБАЕВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

«Алматы мектептері» жобасы біздің мектебімізде 2022 жылдан бері іске асырылып келе жатыр. Біздің мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушілері сол сала бойынша курстан өтіп, біз де сол курсты жалғастырып жатырмыз. Балаларымыз өте қызығушылықпен жұмыс жасайды, сабақта талпынысы, қызығушылығы артып, өте белсенді түрде атсалысып жатыр.