Қандастарға арналған квота санын көбейтіп, солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына батыс өңірін де қосу қажет. Сенатор Дархан Қыдырәлі бүгін өзінің депутаттық сауалында осылай деді. Ол алдымен мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Ата жолы» картасын қандастар мәртебесімен теңестіруді ұсынды
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл карта этникалық қазақтарға берілетін қандас мәртебесімен теңестірілуі керек. Қандастарға берілетін квотаны да көбейту қажет. Мәселен Ақмола облысына бөлінген 285 квота қаңтар айында, Рудныйға бөлінген 200 квота ақпан айында игеріліп қойылған.