Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2024
  • 462

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен аспан асты елінің қорғаныс министрі Дун Цзюнь арасындағы кездесу барысында айтылды. Сондай-ақ Президент қазақ-қытай арасындағы жан-жақты байланыстың жоғары деңгейде екенін айтып, көрші елдің өкіліне ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Оған қоса Қазақстан Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.