Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО мен Атырауда сауда объектілері әдеттегідей жұмыс істеп тұр – министрлік

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2024
  • 634

Аталған өңірлерде азық-түліктің бағасы тұрақты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етілді.

«Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында азық-түліктің бағасы тұрақты, сауда объектілері әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Аймақтар судың келуін күтуде, дүкендер мен қоймаларда азық-түлік қоры жеткілікті. Ақтөбе мен Қостанай облысында да баға тұрақты, сонымен қатар аталған өңірлерге тауарларды жеткізу жоспарға сай жүзеге асырылуда», - деді Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.