Русский Сайттың толық нұсқасы

Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 1,5 млрд теңге қаржы бөлді

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2024
  • 389

Kusto Group су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке 1,5 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөледі.

«Су тасқынынан келген залалдың бұрын-соңды болмаған ауқымын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес-қоғамдастыққа көмек көрсету туралы үндеуін ескере отырып, біз су тасқынынан зардап шеккендерге шығындарды қалпына келтіруге қосымша қаражат бөлетіндігімізді жариялаймыз», — деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.