Русский Сайттың толық нұсқасы

Газаны бомбадан тазартуға 14 жыл уақыт кетеді

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2024
  • 852

Газа Секторындағы үйінділерді аршып, жарылғыш заттарды залалсыздандыру үшін 14 жыл кетуі мүмкін. БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр.Олар атыс-шабыстан аймақта 37 миллион тонна қоқыс жиналып қалғанын хабарлайды.

Былтыр қазанда басталған қарулы қақтығыстан өңірге 18 жарым миллиард доллар шығын келген. Бұл Палестинаның 2022-жылғы жалпы ішкі өнімінің 97 пайызына пара-пар. Әсіресе тұрғын үй секторына зор залал келген,-деп хабарлайды 24 КZ.

Пер Лодхаммар, БҰҰ Залалсыздандыру қызметі жөніндегі аға офицері: "Қираған нысандардың 65 пайызы - тұрғын үйлер. Бір шаршы метрге 300 келі қоқыстан келеді. Есептеуімізше, оның бәрін тазартып, жүк көліктерімен шығару үшін 14 жыл кетеді.

-"Күн ыстық. Таңертеңнен бері су іздеп әлек болдым. БҰҰ-ның мектептеріне бардым. Онда су жоқ. Басқа мекемелерге де сондай жағдай."
-"Мен балаларымды далаға алып шығып, суық сумен жуындырып аламын. Мына ыстыққа әрең шыдам жатырмыз. Шатырдың ішінде жатамыз. Одан күн өтіп кетеді. Тесік-тесіктен шыбын-шіркей кіреді. Жаз басталмай жатып, осылай ыстық болса, кейін не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты."