Русский Сайттың толық нұсқасы

Қатты жауын-шашын болып, үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2024
  • 1230

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

"Еліміздің батысына, шығысында, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу сипаты басым, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанады. Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында -2°С суық болады деп күтіледі",-деп хабарлайды "Қазгидромет".