Русский Сайттың толық нұсқасы

Эквадорда тікұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2024
  • 613

Эквадорда бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Мәлім болғандай, тікұшақ су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Апат Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.   

«Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті», - делінген хабарламада.