Русский Сайттың толық нұсқасы

Шоу-бизнес «Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2024
  • 871

Эстрада жұлдызы өз сөзін Instagram парақшасында жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық әнші Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевқа қатысты мәлімдеме жасады.

Өнер иесі Ұлан Қонысбаевпен бірге отандық жобадан шығып қалғанын айтып, көпшіліктің үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ол тыңдарман енді өзін футболшымен бірге көрмейтінін атап өтті.

«Әлі түсінбей жатқандар бар екен. «Егіз-лебіз» жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер», - деп жазды әнші.

Балжан Бидаштың парақшасында жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсету болғаны да айтылады.

«Бұл - шоу! Жоба екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Ол жүзеге асқандай, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды», - делінген жазбада.

Сөз соңында Балжан Бидаш футболшыға алғыс айтты.

«Ұлан, жарайсың. Жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп кіре салдың, бұл да ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын!», - деді ол.