Стенд атудан Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ещенко Қатар астанасы Дохада Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды, - деп жазды S-Sport телеграм арнасы.
Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үшінші орынға ие болды.
Бұл стенд ату шеберлерінің 2-ші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған. Айта кетейік, нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.
Қазір Қазақстан қоржынында жазғы ойындардың 49 жолдамасы бар.