Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жылу бағасының тарифі көтерілді

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2017
  • 3156

Қостанайда жылу мен ыстық судың бағасы қымбаттады. Жергілікті компания өкілдері тарифтің өсуі салқын су мен жарықты тұтыну құнының көтерілуіне байланысты деп отыр. «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» жыл басынан бері екі рет тарифке өзгеріс енгізіпті. Бұдан былай  қала тұрғындары орта есеппен алғанда жылу мен ыстық суға 20 теңге артық төлейді. Яғни жеке тұлғаларға арналған тариф  0,4 пайызға өсті. Керісінше заңды тұлғалар 200 теңге аз төлейтін болады. Өйткені бұл категорияның тарифі қаңтар айында 10 пайызға көтеріліп, қазір 2 пайызға төмендеді. Жылу мен ыстық судың қымбаттауы бюджеттік ұйымдарға ауыртпалық салғалы тұр. Бұған дейін әр гигакалориясына 11 мың теңге төлеген мекемелер, бұдан былай 14 мыңнан астам ақша шығындауға мәжбүр. Компания басшылары, алдағы уақытта көгілдір отынның құны қымбаттайтын болса, тариф тағы өсуі мүмкін, дегенді айтады.

Валерий Солодов, «Қостанай  жылу-энергетикалық компаниясы»  МҚК директорының орынбасары:

Жеке тұлғалармен салыстырғанда заңды тұлғаларға арналған тариф өте жоғары. Сондықтан оны тағы көтеру  кәсіпкерлерді  тығырыққа тіреумен тең секілді көрінді. Мәселені жан-жақты талқылай отырып, бюджеттік ұйымдарға арналған тарифті арттыруды ұйғардық.