Русский Сайттың толық нұсқасы

Фонограммаға тыйым салатын норма әзірленді

Елімізде креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 түрі бекітілген. Салмақты салалар әдемі баннерде ғана қалмауы үшін оларды жүзеге асыру жолдарын қарастыруымыз қажет. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлы «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте айтты. Жиында музыка индустриясының проблемалық мәселелерін айқындау және шешу жолдары талқыланды. Елімізде Креативті индустрияға арналған заң жобасы әзірленіп, қазір Мәжілісте қаралып жатыр. Онда фонограммаға тыйым салатын норма әзірленген. Сондай-ақ сахнаға шығатын барлық өнерпаз бір орталықтан лицензия алуға міндеттеледі.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Егер оны бұзған жағдайда оларға айыппұл салынады. Белгілі бір мерзімге лицензиясы тартып алынады. Одан кейін қайтадан қорғап, қайтадан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Бірақ әр бұзған сайын оған берілетін жаза да күшейтіле береді, еселене беретін болады. Бұл енді қоғамның талабы. Мұны жүзеге асыруымыз керек. Заңнама бағытында бұны біз қарастырып, тиісті норманы бердік. Мемелекеттік органдар мұны қолдайды деген ойдамыз.

Қазақстанда авторлық құқықты қорғайтын 15 ұйым бар. Мамандар бұл ұйымдардың жұмысын айқындау үшін оларды цифрландыру қажет екенін айтады.

Гүлісхан НАХБАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы олардың құқықтарын алып қою емес, олардың жұмыстарын цифрландыру жүйесіне енгізетін болсақ, ең бастысы біздің авторлар алу керек ақшасын алып отыратын болса, бізге ең маңызды болып тұр.