Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы Mutua Madrid Open турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның қарсыласы белгілі болды. Ол былтырғы Mutua Madrid Open-нің чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенка.
Анықтама: Рыбакина мен Соболенко – бұрыннан келе жатқан қарсыластар. Теннисшілер мансабында 10 рет кездескен. Оның алтауында Соболенка жеңген.
Болжам: Бұл тандемде кез келген нәтиже күтуге болады. Теннис сарапшыларының пайымынша, олардың тәжірибесі бірдей. Бірі жеңеді, бірі жеңіледі деп атын атап түсін түстеп айту қиын дейді.