Русский Сайттың толық нұсқасы

Әбіләзовке "ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды" деген жаңа айып тағылмақ

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2017
  • 2636

Қашқын банкир Әбіләзовке жаңа айып тағылады. Ол енді қылмыстық қоғамдастық құрып, оған басшылық етті деген қосымша күдікке ілініп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.

Ведомство таратқан ресми хабарламаға сай, "БТА банктің" бұрынғы топ менеджерлері Әбіләзов пен Жарымбетовке қатысты істі тергеу жалғасуда. Оның барысында Әбіләзов пен сыбайластарының заңға қайшы әрекеттерге барғанын дәлелдейтін тың деректер табылыпты. Осы жағдай "Әбіләзов Қазақстан мен одан тысқары аумақтарда бірнеше қылмыстық топтың басын қосатын қоғамдастық құрып, басшылық жасады" деген күдікті айқындай түскен. Қашқын банкир 10 ақпанға дейін өз еркімен ұлттық бюроға келуі керек. Олай болмаған жағдайда заңға сай амалдар қолданылады делінген хабарламада.