Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 салдарынан семіздікке шалдыққан балалар саны артқан - ДДСҰ

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2024
  • 695

COVID-19 пандемиясы артық салмақ пен семіздікке шалдыққан мектеп жасындағы балалар санының артуына әкелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары сайты.

Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы мен күнделікті тәртібін зерттеу 2021 және 2023 жылдар аралығында ДДСҰ Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекеттің 17-де жүргізілді. Оған 50 мыңнан астам бала қатысты.

Баяндама 7-9 жас аралығындағы артық салмағы бар балалар санының артқанын растайды. Бұл пандемия кезінде балалардың компьютер экрандары мен басқа құрылғылардың алдында көп уақыт өткізіп, физикалық белсенділіктің аз болуымен байланысты, деп хабарлайды ұйым сарапшылары.

Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқан балалардың 42%-ы өзін бұрынғыға қарағанда бақытсыз сезінген. Әрбір бесінші бала мұңайып жүретінін айтқан, ал әрбір төртіншісі жалғызсырап жүргенін жүргенін айтқан.

ДДСҰ пандемия балалардағы семіздікпен күресудің шұғыл қажеттілігін атап өтті: аймақтағы елдер дамудың барлық кезеңдерінде балалардың дұрыс тамақтануы мен физикалық белсенділігіне басымдық беруі тиіс. Бұған қол жеткізу үшін ұйым денсаулыққа зиянды өнімдерді жарнамалауға және оларға салынатын салықтарға шектеу қою, тағамды нақты таңбалау және диетаны жақсарту, мектептерде дене белсенділігін ынталандыру шараларын ұсынды.