Су тасқыны болған өңірлерде жағдай тұрақталып, су деңгейі төмендей бастаған соң әскери қызметкерлер қайтып жатыр. Қонаев, Абай, Жетісу және Қарағанды әскери бөлімдерінің құрамы тұрақты орналасу пункттеріне оралды. Олар су басқан өңірлерде бөгеттер тұрғызып, эвакуациялық шараларға қатысты, сондай-ақ халықтың пайдасына жараған паром өткелін салған. Қиын күнде толарсақтан саз кешкен ерлерді әріптестері мен жақындары салтанатты рәсіммен қарсы алды.
Жасқанат ЖҰМАН, ҚАРАҒАНДЫ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қарағанды гарнизонынан Солтүстік Қазақстан облысына көмектесуге 300 адамдай аттандық. Ол енді әрбір азаматтың борышы деп білем. Осылай бізді күтіп алып жатқан отбасымызға, командирімізге, қолбасшымызға үлкен алғыс білдіреміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!