Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы саяси өзгерістерге өзге партиялар да ат салысса деген ниетте

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2017
  • 2737

Елдегі барлық партия өкілдері бүгін бір үстел басына жиналып, билік тармақтары өкілеттіліктерін қайта бөлу мен Президент Жолдауында көтерілген мәселелерді талқылады. «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер аймақтық коалициясының биылғы жылдағы алғашқы отырысын өткізді. Бұл «Нұр Отан» партиясының елде орын алып жатқан саяси өзгерістерге өзге партиялар да белсене ат салысса деген ниетінен туындаған. Мұндай ойын партияның Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков білдірді. Жиынға «Ақ Жол», «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы», «Ауыл» және «Бірлік» партиялары қалалық филиал басшылары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Еділ Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауын газет беттерінде жариялады. Бұның өзіндік ерекшелігі бар. Бұл Үкіметтің рөлін арттырады. Яғни олар өз бағдарламалары мен жоспарларының жүзеге асырылуына жауапты болады. «Нұр Отан» партиясы Президенттің осы бастамаларын қолдап отыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ