«Самұрық-Қазына» жұмысында 1,5 миллиард теңгенің бұзушылығы анықталды. Бұл туралы бүгін
Астанада республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу бойынша Есеп
комитетінің өкілдері мәлімдеді. Олардың дерегіне сай, ұлттық әл-ауқат қорына
аудиторлық тексеріс жүргізіліпті. Бұл шара 2014-2016 жылдары мемлекет
қазынасынан бөлінген 93 миллиард теңгенің жұмсалуына қатысты болған.
Нәтижесінде Алматы-Шу және Боржақты-Ерсай темір жол тармақтары мен Құрық
портының құрылыс жұмыстары экономикалық жоспарға сай жүргізілмегені анықталды.
Сондай-ақ Есеп комитеті жалпы құны 86 миллиард теңгені құрайтын 16 процедуралық
бұзушылықтың болғанын хабарлады.
Айгүл
Мұхаметкәрім, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу бойынша есеп
комитетінің мүшесі:
Есеп
комитеті осындай олқылыққа жол берген құзыретті органдарға ескерту жолдады.
Енді «Самұрық-Қазына» кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, қаржылық есеп мәселесінде
оң бағытта жұмыс істеуі тиіс. Бұзушылықтардың көбі процедуралық болғандықтан, азаматтар жауапқа тартылады деп айтуға ерте.