Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» жұмысында миллиардтаған теңгеге бұзушылық анықталды

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2017
  • 2265

«Самұрық-Қазына» жұмысында 1,5 миллиард теңгенің бұзушылығы анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу бойынша Есеп комитетінің өкілдері мәлімдеді. Олардың дерегіне сай, ұлттық әл-ауқат қорына аудиторлық тексеріс жүргізіліпті. Бұл шара 2014-2016 жылдары мемлекет қазынасынан бөлінген 93 миллиард теңгенің жұмсалуына қатысты болған. Нәтижесінде Алматы-Шу және Боржақты-Ерсай темір жол тармақтары мен Құрық портының құрылыс жұмыстары экономикалық жоспарға сай жүргізілмегені анықталды. Сондай-ақ Есеп комитеті жалпы құны 86 миллиард теңгені құрайтын 16 процедуралық бұзушылықтың болғанын хабарлады.

Айгүл Мұхаметкәрім, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу бойынша есеп комитетінің мүшесі:

Есеп комитеті осындай олқылыққа жол берген құзыретті органдарға ескерту жолдады. Енді «Самұрық-Қазына» кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, қаржылық есеп мәселесінде оң бағытта жұмыс істеуі тиіс. Бұзушылықтардың көбі процедуралық болғандықтан, азаматтар жауапқа тартылады деп айтуға ерте.